Жаңалықтар тізіміне оралу

Баспасөз хабарламасы

Automechanika Astana Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектердің, автокомпоненттердің, жабдықтар мен тауарлардың халықаралық көрмесі automechanika.kz Futuroad Expo Astana / Komtrans Astana Коммерциялық көлік және жол-құрылыс техникасының Орталық Азия көрмесі comtrans.kz "EXPO" ХКО, Астана қ., Қазақстан 2023 жылғы 12-14 сәуір

Automechanika Astana және Komtrans Astana 2023 қалай өтті: рекордтық көрсеткіштер.

2023 жылғы 12-14 сәуір аралығында Астанада Futuroad Expo Astana | Komtrans Astana коммерциялық техника көрмесімен бірлесіп Қазақстандағы ең іріAutomechanika Astana автомобильдерге сатудан кейінгі қызмет көрсету көрмесі өтті.

Рекордтық көрсеткіштер

Биылғы жылы Automechanika Astana халықаралық ауқымдағы ірі оқиға болды: әлемнің 15 елінен (Қазақстан, Қытай, Германия, Литва, Польша, Жапония, Түркия және т.б.) 240-тан астам қатысушы Астанада қосалқы автобөлшектер, жабдықтар, автомобильдер мен арнайы техника үлгілерін ұсынды.

Көрме өткен барлық күндері алаңда келіссөздер тоқтаған жоқ: көрмеге келген мамандар мен автокөлік жүргізушілерінің саны іс-шаралар тарихындағы рекордтық көрсеткішке - 10 470 адамға жетті.

"Біз көрмеге бесінші рет қатысып отырмыз. Ал биылғы жыл ең есте қаларлық болып отыр: көптеген адамдар, керемет трафик. Біз үшін Automechanika Astana серіктестермен және клиенттермен кездесуге арналған маңызды алаң болып табылады. Жыл сайын біз өсуді, жақсаруды көріп отырмыз", - деп атап өтті СВС-Транс маркетинг бөлімінің басшысы Прохор Жаринов.

Негізгі экспозиция

Экспозиция 8000 шаршы метрді құрады. Мұнда отандық және шетелдік нарықтардың негізгі ойыншылары орналасқан. AIKOS, Roadboss, Dongying Fangxing Rubber жетекші шина өндірушілерінің стендтері де назардан тыс қалмады.

Көрмеде 1000-нан астам брендтер ұсынылды: мысалы, СВС-Транс стендінде Bosch, VARTA, Donaldson және басқа да ондаған танымал брендтердің қосалқы бөлшектері мен автокомпоненттері жиналды. Көрменің тұрақты қатысушысы TruckMotorsта әртүрлі өнімдерімен өзіне назар аудартты: мұнда келушілер Emotor автокөлік бөлшектерін, Fersa және GLYCO мойынтіректерін, Ferodo тежегіш жастықшаларын және т.б. жеткізу туралы келіссөздер жүргізе алды.

Бөлшектерден басқа, көрмеде MEIJI SANGYO COMPANY, oilbt.kz (Oscar Lubricants), ПАНТУС компанияларының сапалы машина майлары ұсынылды.

Сонымен қатар, биыл 120 компаниядан тұратын тұтас Қытай павильоны ұйымдастырылды. Қытайдың автомобиль нарығы әлемдегі ең үлкен нарық болғандықтан және соңғы онжылдықта жалпы оң тенденцияны сақтағандықтан, келушілердің ағыны да тұрақты болды. Бұл жерде келушілердің назарына Dongying Fangxing Rubber және BESTANG шиналары, YKE AUTOMOTIVE беріліс компоненттері, Қытайдың ең ірі OEM жеткізушісі Ruideli белдік тартқыштары, Zhejiang Yazhixing автокөлік аспалары және т.б. ұсынылды.

 

 

 

Komtrans Astana | Futuroad Expo Astana экспозициясы әрқашан өзінің ауқымымен назар аударытады. Allur (JAC Trucks) компаниясының стендінде отандық өндірістің коммерциялық көлігі: JAC N200 негізіндегі өрт сөндіру автоцистернасын, Sunray микроавтобусын, N35 шағын тоннажды жүк көлігін және N56 автогидроөтергішті таныстырды. Сондай-ақ нарықтың ірі қатысушылары Hyundai Com Trans пен Өрт қауіпсіздігі орталығыкоммерциялық көліктің және арнайы техниканың соңғы үлгілерін таныстырды.

Іс-шаралар бағдарламасы

Ресми ашылу рәсімі таңертең өтіп, Қазақстанның автомобиль индустриясының маңызды қонақтары мен өкілдерін жинады. Салтанатты шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Бекмұрзаев, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Е. Еркінбаев, Messe Frankfurt Exhibition GmbH вице-президенті Майкл Йоханнес, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары М. Әмрин, Қазақстан Республикасы Индустрия министрлігінің Автомобиль, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машина жасау басқармасының басшысы Р. Хисамутдинов, "KAZLOGISTICS" Көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағының" бас директоры Е. Әбсатов, "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Д. Еркімбаев, Business Media Central Asia көрме компаниясының директоры А. Матвеев сияқты құрметті қонақтар қатысты.

Өз сөзінде елорда әкімінің орынбасары Е. Бекмұрзаев көрмелердің қала үшін маңызы зор екенін атап өтті, өйткені олар автомобиль және көлік өнеркәсібі саласындағы соңғы инновациялар мен шешімдерді талқылау үшін әртүрлі елдердің кәсіпқойлары мен кәсіпкерлерін біріктіреді.

Майкл Йоханнес көрме компаниялар мен сала өкілдері арасында жаңа серіктестіктер мен ынтымақтастықты құру алаңы болатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, іс-шаралар бағдарламасына сараптамалық сессиялар да енгізілді. Артур Мискарян (автомобиль нарығын мониторингілеу және талдау агенттігі (АМААР) Қазақстан автонарығының 2022 жылғы қорытындысы туралы айтып берді, сондай-ақ Қазақстандағы жеңіл автомобильдер нарығындағы қытайлық брендтердің ұсынысына шолу жасады.

Қазақстанның "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының сарапшылары Қазақстанда электр көлігін дамыту перспективаларымен бөлісті.

Сондай-ақ қатысушылар да шеберлік сыныптарын өткізіп, онда тыңдаушылар VARTA аккумуляторларын пайдалану, FEBEST амортизаторларын орнату, онлайн-технологиялар және басқа да мәселелер есебінен авто бөлшектер дүкенін немесе ТҚКС автоматтандыру бойынша ақпарат алды.

Іскерлік бағдарламадан басқа, көрермендер Қазақстанның ірі LowKZ автоқауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған тюнингтелген модельдер секциясынан бірегей әсер алу мүмкіндігіне ие болды. Көрменің үшінші күнінің соңында халықтың дауыс беруі негізінде үздік экспонаттар таңдалды.

Астана қаласының әкімдігіне, "Атамекен" ҰКП, ҚАБҚҚазақстандық автобизнес қауымдастығына, Қазақстан Республикасының "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындарының одағына, Kazlogistics Қазақстан көлікшілер одағына, AMAAR автомобиль нарығын мониторингтеу агенттігіне, Astana Development ӘКК-ге ресми қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.

Келесі Automechanika Astana 2024 жылғы 17-19 сәуір аралығында Астанада өтеді!

Байланыс тұлғасы:

Майлыбаева Айнагүл

PR-менеджер

Моб. + 7 777 246 36 36

Ainagul.mailybayeva@bmca.kz